Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша арнайы қабылдау өткізді.
Қабылдауға жазылған азаматтар арасында аудан әкімімен онлайн байланысқа шығып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жеке қабылдауға келген өзге тұрғындар ұсыныс-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Қабылдауға жазылған азаматтар үй және жер кезегіне қатысты мәселелерін айтса, енді бірі жақын туысына көше атауын беру, тұрақты жұмысқа орналыстыру жөнінде талаптарын жеткізді. Арасында елдік мәселені қозғаған азаматтар да болды.
Өзге келушілердің мәселелеріне де жеке дара тоқталды. Тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынылды. Тұрғындардың өтінішіне сай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ал тұрғын үй қажеттілігімен келген адамдарға өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігі түсіндірілді.
Аудан басшысы көтерілген әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді. Айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
16 мамыр 2025 ж. 10 0