Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан басшысына ұсыныс-тiлектерiн жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Қабылдауға жазылған азаматтардың басым көпшілігі үй және жер кезегіне қатысты мәселелерін айтса, енді бірі тұрақты жұмысқа орналыстыру жөнінде талаптарын жеткізді.
Аудан басшысы келушілердің мәселелеріне жеке дара тоқталды.
Тұрғындардың өтінішіне сай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ал тұрғын үй қажеттілігімен келген адамдарға өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігін түсіндірді.

Фото: Арал ауданы әкімдігі