Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар мәселесіне мән берді

Тұрғындар мәселесіне мән берді

tolqyn.kz Аудан әкімі Серік Сермағамбетов кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауда аудан тұрғындарының өтініш-сұрақтарын тыңдады оң шешім шығару бағытындағы жұмыстарды қарастырды.  
Аудан әкімінің жеке қабылдауына келгендердің басым бөлігі жұмысқа орналасу мәселесін көтерсе, кейбірі тұрғын үй қажеттілігі бойынша жүгінді.Бұдан бөлекте аудан тұрғындары арасында шешімін таппаған мәселелерге қатысты аудан басшысына жүгінгін жандар болды.
Аудан әкімі Серік Сағитжанұлы келушілердің мәселелеріне жеке дара тоқталды. Әрбір тұрғының өтінішін саралаған аудан басшысы тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Тұрғындардың өтінішіне сай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ал тұрғын үй қажеттілігімен келген адамдарға өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігін түсіндірді.
Айта кетейік, аудан әкімі жеке тұрғындарды ұдайы қабылдап, олардың мәселесін шешуге көмек көрсетіп келеді. Тұрғындар қабылдауға egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.
09 желтоқсан 2022 ж. 485 0