Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар жұмысқа орналасу, тұрғын үй және өзге де мәселелер бойынша жүгінді.
Аудан әкімі келушілердің ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдап шыққан соң әрбір мәселеге жеке тоқталып, жауап берді.
Алдымен тұрақты жұмыс сұрай келген азаматтарға кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Тұрғындардың ұсынысына орай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.
Ал тұрғын үй қажеттілігімен келген адамдарға өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды және кезектіліктің әр санат бойынша жылжу тәртібін түсіндірді.
Мемлекеттік грант алып, кәсібін жүргізуге ниет білдірген тұрғынға қолдау шаралары көрсетілетіндігін айтты.
Қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері тұрақты бақылауында болатындығын айтып, тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

18 ақпан 2022 ж. 612 0