Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындардың негізгі мәселесі жұмысқа орналасу, тұрғын үй қажеттілігі болды.

Аудан әкімі жұмыс сұрай келген бірнеше тұрғынға алдымен жұмыспен қамту орталығына тіркелу қажеттігін, мамандығына сәйкес сұраныс болған жағдайда жұмысқа жіберілетіндігін айтты. Осы тұрғындардың мәселесін қадағалап, байланыс жасап отыруды жауапты бөлім басшыларына тапсырды.

Қабылдауға баспана қажеттілігі бойынша келген тұрғындарға да заңдылыққа сәйкес кезектілігімен берілетіндігі түсіндірілді. Сонымен қоса жауапты орынбасары мен бөлім басшыларына комиссия отырысында тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды категориялары бойынша қарап шығуды жүктеді.

Бұдан бөлек зағиптар қоғамының төрағасы көру мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өздеріне кеңсе қажет екендігі жөнінде өтініштерін жеткізді. Бұл мәселеге байланысты аудан басшысы жауапты орынбасарына мекеме ғимараттарынан ыңғайлы орын қарастырып, ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, қабылдауға аудандағы күзет агентіктерінде жұмыс жасайтын азаматтар айлық жалақыларының аз екендігін айтып жүгінді. Бұл тұрғындардың жұмыс жасайтын орындары жеке және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер екендігін түсіндірген аудан басшысы мәселені назарға алып, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, күзет агенттіктеріне хат жолданатындығын жеткізді.

Жеке қабылдау қорытындысымен аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әр мәселе бойынша және олардың әлеуметтік жағдайларына байланысты көмек көрсету жөнінде салалық орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, мәселелерді басты назарда ұстауды тапсырды.

"Толқын" ақпарат

22 қаңтар 2022 ж. 478 0