Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі Серік Сағитжанұлы келушілердің мәселелеріне жеке дара тоқталып өтті. Алдымен көше атауын беру туралы Арал қаласында атауға және қайта атауға жататын көшелердің жоқ екендігі туралы түсіндіріп, тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Тұрғындардың өтінішіне сай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.
"Толқын" ақпарат