Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі кезекті жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі кезекті жеке қабылдау өткізді

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу, тұрғын үй және өзге де мәселелер бойынша жүгінді.
Жұмыссыздық мәселесімен келген азаматтарды тыңдаған аудан басшысы бос жұмыс орындары болған жағдайда мамандығына сәйкес кезектілікпен жіберілетіндігін түсіндіріп, тиісті сала басшыларына мүмкіндіктер қарастыруды тапсырды.
Баласын мемлекеттік қызметке ауыстыруды сұрай келген азаматқа бос мемлекеттік қызметке орналасу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына арналған тесттің 3 бағдарламасы бойынша тесттен өту қажеттігін және мамандығы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда конкурсқа қатысып, комиссия іріктеуі арқылы мемлекеттік қызметке орналасуға мүмкіндігі болатындығын түсіндірді. Сонымен қатар, бос лауазымдар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және аудан әкімінің ресми интернет желісінде жарияланып отыратындығын атап өтті.
Жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесі бақылауында болатындығын айтып, олардың әлеуметтік жағдайына сәйкес қолдау шараларын көрсетуді қала аумағы бойынша бөлінген сектор жетекшілеріне жүктеді.
Жеке қабылдау қорытындысымен аудан әкімі орынбасарлары мен жауапты бөлім басшыларына әрбір тұрғын тарапынан айтылған мәселелерді назарда ұстап, тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырма жүктеді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі



01 шілде 2022 ж. 455 0