Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу, тұрғын үй және өзге де мәселелер бойынша жүгінді.
Жұмсыссыздық мәселесімен келген тұрғындарды тыңдаған аудан басшысы көпшілігінің мамандығы білім беру саласына қатысты болғандықтан аудандық білім бөлімі басшысының орынбасарына бос жұмыс орындары бойынша мүмкіндіктер қарастыруды тапсырды. Ал мамандығы жоқ тұрғындарға ақылы қоғамдық жұмыс пен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі бос орындар ұсынылды.

Баспана қажеттілігі бойынша жүгінген азаматтарға тұрғын үйлердің заңдылыққа сәйкес әр санат бойынша кезектілікпен берілетіндігі түсіндіріліп, қабылдауға келген тұрғындардың мәселесін бақылауға алу аудан әкімінің жауапты орынбасарына жүктелді.

Бұдан бөлек Сапақ ауылдық округінен келген тұрғын елді мекенге жаңа мектеп ғимараты қажеттігін айтты.Бұл мәселеге қатысты аудан басшысы мектептің жоба-сметалық құжаттамасына тапсырыс берілгендігін, білім беру нысанының құрылысы келесі жылға жоспарландығын түсіндірді.
Жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесі бақылауында болатындығын айтып, олардың әлеуметтік жағдайына сәйкес қолдау шараларын көрсетуді қала аумағы бойынша бөлінген сектор жетекшілеріне жүктеді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

18 наурыз 2022 ж. 549 0