Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов кезекті жеке қабылдауын өткізді. Онда аудан әкімі тұрғындарының өтініш-сұрақтарын тыңдады.
Қабылдауға келгендердің басым бөлігі жұмысқа орналасу туралы қозғаса, кейбірі тұрғын үй мәселері бойынша жүгінді.
Аудан әкімі Серік Сағитжанұлы келушілердің мәселелеріне жеке дара тоқталды. Тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Тұрғындардың өтінішіне сай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ал тұрғын үй қажеттілігімен келген адамдарға өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігін түсіндірді.
Айта кетейік, тұрғындар қабылдауға egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.
"Толқын" ақпарат
09 желтоқсан 2022 ж. 382 0