Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша арнайы қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне ұсыныс-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Олардың қатарында тұрғын үй, ғимарат алу және тұрақты жұмысқа орналыстыру жөнінде талаптарын жеткізгендер бар. Елге ортақ мәселені аудан әкімінің назарына ұсынған азаматтар да болды. Аудан басшысы айтылған ұсыныстар бойынша нақты шешім қабылдап, мәселені шешу жолында жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Тұрғындардың өтінішіне сай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Аудан басшысы көтерілген әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
11 қыркүйек 2025 ж. 95 0