Көңіл көңілден су ішеді
Рухани мәдениетінің өрісі басқаларға да ортақ болу дәрежесіне жету – халық жасампаздығының кепілі. Бұл уақыт бізге дәлелдеп, айқындап берген аксиома. Оған қазақтың көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның "рухани азып-тозу өліммен тең" деген бір ауыз сөзі кепіл бола алады.Иә, рухани әлеуетті алға сүйреп, елдікті төрге бастаған Арал ауданының рухани орталығы 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында руханият пен мәдениеттің берік байланысына айналған, 95 жылдық белесті абыройымен бағындырып, ғасырға қадам басқан "Толқын" газеті редакциясына арнайы құттықтап келіп, мерекелік ыстық ықыласы мен көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекеде көктемдей нәзік лебізін білдіріп кетті.
Аудандық жастар ресурстық орталығы, өлкетану музейі және «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арал аудандық архиві» филиалы қызметкерлері ақпараттың ақ кемесін алға сүйреп келе жатқан ұжымға көрсеткен ілтипаты ұлт руханиятының рухын, кемел келешекке деген тұтастықты бейнеледі.
Оңталап ЖЕКСЕМБАЙҰЛЫ










