Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Толқынды" таңдаған ұжым

"Толқынды" таңдаған ұжым

Газет – халықтың айнасы, заман үні. Қоғам тынысын таразылап, ел өмірінің елеулі сәттерін хаттап отыратын басылымдар – ұлттық сана мен рухани тірегіміздің бір бөлшегі. Арал аудандық «Толқын» газеті де – шынайы шежіре жазып келе жатқан қасиетті басылым. Биыл – баспасөздің 95 жылдық мерейлі белесі!
Талай ұрпақтың өмірімен бірге жасап келе жатқан «Толқын» – Арал жұртының сырласы да мұңдасы, қуанышы болды. Қаламы жүйрік тілшілердің жүректен шыққан сөзі арқылы ауданның өткені мен бүгіні, жақсылығы мен жаңалығы осы басылым бетінде өрілді.
Бүгінде ел ертеңі – жастар тәрбиесімен айналысатын білім ордалары да осы рухани толқыннан шет қалмай, үлгі көрсетті. Атап айтқанда, Арал қаласындағы №260 мектеп ұжымы «Толқын» газетінің 95 жылдығына орай 95 дана газетке жазылып, аудан басылымын қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті. Бұл – тек жазылу емес, руханиятқа жасалған құрмет, ұрпаққа берілген үлгі.
«Толқын» – жай ғана газет емес. Ол – жүрек лүпілімен жазылған әрбір мақалада елдің үні, халықтың үміті, туған өлкенің тынысы жатқан рухани құндылық.
Аралдық ағайын, «Толқынға» жазылу – өзіңе, өзіңнің Отаның мен ортаңа деген жанашырлықтың белгісі. Өлке тарихын бірге өрейік, болашаққа бір толқынмен беттейік!
"Толқын" ақпарат
03 мамыр 2025 ж. 105 0