Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Толқын» газетін толық таңдаған ұжымдар

«Толқын» газетін толық таңдаған ұжымдар

Тоқсан жылдық тарихы бар төл басылымды таңдайтындар үшін 2021 жылдың екінші жарты жылдығына жазылу науқаны жүріп жатқаны белгілі. Ауданның айтулы хабарлары мен елге ортақ елулі ақпарларды уақытылы біліп отыруда сенімді ақпарат құралы ретінде көпшіліктің таңдаулы басылымына айналған «Толқын» газетін таңдайтын ұжымның тізімі де белгілі бола бастады. Олардың көшін өздеріне берілген межені әлдеқайда артығымен орындаған аудандық ветеринариялық станциясы бастады. Қ.Жұмашев жетекшілік ететін ұжым әр газетке жазылу науқаны сайын өзгелерден көш ілгері қозғалып, бірінші болып «Толқынды» таңдайды. Бұл жолы да солай болды.
Сондай-ақ бұл тізімдерді одан әрі №62 мектеп-лицей (директоры Ж.Айтжанов), №59 Қарақұм орта мектебі (директоры Ш.Жанкүшікова), №75 Қарашалаң орта мектебі (директоры А.Ермағамбетова), «Толқын» балабақшасы (меңгерушісі Г.Ауезова) мен «Абай» кітапханасы (директоры Г.Ильясова) ұжымы жалғап, өздеріне берілген межені толық орындап шықты. Бұл «Толқынның» тілеулестері баршылық екенін білдіреді. Мұндай көрсеткіштерді аудандағы өзге де мекемелер көрсетеді деген сенімдеміз.

"Толқын" ақпарат 

25 мамыр 2021 ж. 372 0