Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдағы әрбір шаңыраққа «Толқын» баруы тиіс

Аралдағы әрбір шаңыраққа «Толқын» баруы тиіс

93 жылдық тарихы бар ауданның төл басылымы «Толқын» газетін сүйіп оқитын оқырмандары баршылық. Бұл сөзімізге дәлел әлі күнге редакцияға келіп жазылатын қариялармыздың ыстық ықыласпен ақ батасын беріп кететіндігі. Күні кеше 76 жастағы Кішкене Молбаев ағамыз Толқынының толқыны үзілмес үшін келесі жарты жылдыққа жазылуға келіп, редакция ұжымына өзінің ризашылығын білдіріп кетті.
    – Мен Төлеген Медетбаев көшесінің тұрғынымын. Әрі сол көшенің көше комитетімін. Кезінде сауда мекемесінде жүргізуші болып еңбек етіп, зейнет демалысына шықтым. «Толқын» газеті ес білгелі білетін, ауданның айнасы. Газетке үзбей жазылып келе жатқаныма біраз болды. Келуін асыға күтемін. Ауданның барлық жаңалығын газеттен оқып отырамыз. Газеттің құрылымы, дизаны, журналистердің шығармашылық әлеуеті, қызықты тақырыптарда мақала ұйымдастыруы бәрі көңілге қонымды. Мен өзім ғана жазылып қоймай, көше тұрғындарын да үнемі газетке жазылуға шақырып отырамын. Бұл Аралмен бірге жасап келе жатқан басылым ғой. Оның беделі де, берері де мен үшін биік. Сондықтан әрбір аралдықтың шаңырағына «Толқын» бару керек деп санаймын, - деді Кішкене Молбаев.
    Қазыналы қарттарымыздың осындай жоғары бағалауы мерейімізді асырып, көңілімізді тасытып тастады.
Қымбатты оқырман! Біздің басылымға жазылу жүріп жатыр. Сіз де ғасырға жуық халық тұрмысының бір бөлшегіне айналған «Толқыныңызға» жазылуды ұмытпаңыз.
«Толқын» ақпарат

16 желтоқсан 2023 ж. 319 0