Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

Құрметті оқырман! Аудан айнасына айналған

 
“Толқын” газетіне 90 жыл толуына орай шығармашылық байқау ұйымдастырылып жатқанын хабарлаймыз. Байқау мақсаты мен шарттары төмендегідей:
Байқаудың мақсаты: Ауданның тоқсан жылдық шежіресіне айналған төл басылым бүгінге дейін редакция мен оқырман арасындағы байланысты үзбей келеді. Газеттің биылғы мерейлі межесіне орай осы үрдісті одан әрі жандандыруды мақсат еткен басылым шығармашылық байқау ұйымдастырып отыр. Газет қашан да оқырманымен құнды. Осы алтын көпірді әрқашан жалғап тұратын шығармашылық екенін негізгі назарға ұстаймыз.
Байқау шарттары: Байқауды әртүрлі жастағы әрі түрлі саладағы оқырмандарымызға ыңғайлы ету мақсатында Әңгіме жанры бойынша жариялап отырмыз. Яғни біздің кез келген оқырман бұл байқауға қатыса алады. Байқауға қатысушы әңгіме тақырыбын өзі таңдайды.Редакцияға келіп түскен әрбір хат (әңгімеарнайы комиссияның сараптауынан өтеді. Сондай-ақ келіп түскен әңгімелердің газет бетіне жарамдысы жыл көлемінде газетімізге жарияланып отырады. Байқау жеңімпаздарын шығармашылық өкілдерінен құрылған арнайы комиссия анықтайтын болады.  Жеңімпаздар «Толқын» газетінің 90 жылдығына орай қараша айында өтетін салтанатты шарада арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады.
     
ЕскертпеҚатысушы байқауға ұсынған әңгімесінің жоғарғы жағына «Толқын» газетінің 90 жылдығыүшін»деген арнайы айдарды белгілеп жіберуі тиісСондай-ақ әңгіменің көлемі 8-9 беттен аспауы тиісЖеңімпаздарды анықтауда байқауға ұсынылатын шығарманың тақырыбыкөркемдік ерекшелігі,жазу стилі мен шығарма мазмұнының әлеуметтік-қоғамдық маңызы ерекше назарға алынатынын ескертемізСонымен бірге әңгіме авторы өзі туралы мәліметті  толықкөрсетуі керек (аты-жөніқызметітұрғылықты мекенжайыбайланыс телефоны). (Шығарма 14 шрифт, Times New Roman нұсқасында қабылданады.)
 
Хаттарды tolkyn_gazeta@mail.ru электронды поштасына жіберуге немесе редакция мекенжайына (Арал қаласы, Қарасақал Ерімбет 
көшесі №66 үй) әкеліп тапсыруға болады.
 
Байланыс телефоны:
2-14-50, 2-29-91 
24 ақпан 2020 ж. 2 572 0