«Отаным, саған айтамын» атты әдеби онлайн-байқау жарияланды
2019 жыл елімізде Жастар жылы деп жарияланды. Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялайды.
Байқау мақсаты – егемен елдің ертеңі саналатын жастар арасындағы отан түсінігін қалыптастыру, патриоттық сезімін оятып, құлашын кеңге жайған бүгінгі тәуелсіз еліміздің жетістіктерін баяндау, насихаттау, жас қаламгерлерді қолдау және шығармашылығын дамыту.
1. Байқау ережесі
1.1 Қатысушылардың эсселері baikaumassaget@gmail.com поштасында 2019 жылдың 24 мамыр-20 шілде аралығында қабылданады;
1.2 Шығармалар қазақ және орыс тіліндерінде қабылданады;
1.3 Байқауға қатысу үшін 15-29 жас аралығындағы жас қаламгерлер шығармаларын ұсына алады;
1.4 Арнайы комиссияның шешімімен көркемдік деңгейі төмен деп танылған шығармалар қабылданбайды;
1.5 Қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды;
1.6 Байқауға қатысу үшін 5 беттен аспайтын жұмыстар жіберіледі;
1.7 Конкурстық жұмыстар А4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14-мөлшерде, 1,5 аралықта терілуі керек;
1.8 Қатысушылар шығармаларымен бірге өмірбаянын, байланыс нөмірін және суретін жіберуі шарт;
1.9 Шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған болуы шарт;
1.9.1 Іріктеуден өткен шығармалар Massaget.kz және Tengrinews.kz порталдарында жарияланады және Жұлдыз FM мен Tengri FM эфирінде оқылады.
2. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
2.1. Қатысушылардың байқауға ұсынылған жұмыстары авторларына қайтарылмайды. Қатысушылар байқауды ұйымдастырушының оның жұмысына авторлық құқық алатынына келіседі. Байқау жұмыстарын жолдаған қатысушылар мүліктік құқыққа (Бұл құқықтар ҚР "Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы" заңының 16-бабында көрсетілген) ие болатынына келіседі (яғни үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз).
2.2. Арнайы комиссия өкілдері шығарған шешімдер апелляцияға берілмейді.
2.3. Байқауға қатысушылар үшінші тұлғалардың кез келген құқықтары, ҚР заңнама актілері, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтары бұзылған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алады.
Отан тақырыбындағы үздік проза (эссе, әңгіме) бойынша төмендегідей жүлделер тағайындалады:
1-орын 300 000 теңге;
2-орын 150 000 теңге;
3-орын 100 000 теңге.
Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтеді.
https://abai.kz