Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Толқынды" таңдаушылар артуда

"Толқынды" таңдаушылар артуда

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзіне назар аударар болсақ, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам үшін маңызы зор екендігін алаш зиялысындай ешкім дөп басып айта алмас. Расында, газет жылдар өтіп, дәуір алмасса да, өз құндылығын әлі күнге жоймай келеді. Заманның ағымына қарай ақпараттық технологиялар қарыштап дамыды. Дегенмен әлеуметтік желідегі қысқаша жазба ақпарат адамға рухани азық бола алмайды. Бұл тұста ғасыр белесіне көтерілген аудандық «Толқын» газеті тарих талайында өзінің мазмұны мен ақпараттық сарынын жоймай сақтап келеді. Басылымға жазылу науқаны басталған шақта аудандық жұмыспен қамту бөлімі, Арал аудандық ветеринариялық станциясы, Қарақұм ауылындағы №59 орта мектеп ұжымы, аудандық оқушылар үйі, аудандық мәдениет үйі мен Абай атындағы аудандық кітапхана ұжымдары алғаш болып "Толқынын" таңдап келеді. Бүгін оқырманды газетпен емес, газетті оқырманмен қамтамасыз ету қажеттілігі туған кезеңде сенімді әрі шынайы ақпарат алғысы келген, мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын жіті назарда ұстап, ұрпақ санасын желідегі түрлі жаңалықпен емес, сүзгіден өткен дәл ақпаратпен сусындатқысы келетін газетке жазылудан қалыс қалмасы анық.
20 қараша 2021 ж. 590 0