Тоқсан жылдық тарихы бар тереңнен /"Толқынға - 90 жыл!/

Расында көптеген қаламы қарымды тілшілер мен баспасөз саласы үздіктері тер төккен басылымның атауының өзі әрбір қалам ұстаған азаматқа шабыт сыйлайтындай. Асау теңіздің ерке толқынындай әсем жыр менің де жүрегімді тербеп, мерейтой толқытып кетті.
Қай кезден де тарих, газет – қос ұғым,
Дәлелі боп келе жатыр осының.
Тоқсан жылдық тарихы бар тереңнен,
Толқытатын «Толқын» дейтін басылым.
Үлесі бар үзіліссіз ақпардан,
Оқырманның көкейінде жатталған.
Көпке мәлім көп жылдық бұл баспаның,
Жұртшылыққа ұсынары көп болған.
Уақыт қалай, тарих қалай көшпеген,
Сөзі ұрпаққа үлгі болар өскелең.
Көп данамыз өткенімен өмірден,
«Толқынымдағы» сөзі ешқашан өшпеген.
Өзгереді әлі заман талабы,
Бірақ «Толқын» «Толқын» болып қалады.
Теңізінде толқыны бар халықтың,
Шаңырағында төл басылым болады.