Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласындағы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде ашылған «Коворкинг» орталықтарының ашылу салтанатына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т. Дәрменов, кенттік ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сүйенғараев, аудандық жастар ресурстық орталығының дирекоры Ә.Ізбасаров, кент әкімінің уақытша міндетін атқарушы А.Үмбеталиев, аудандық "Абай" атындағы кітапханалар жүйесінің директоры Ж.Алишева және кітапхана қызметкерлері, оқырмандар қатысты. «Кovorking» орталығының тұсаукесер рәсімінің лентасын қию рәсімінде қонақтар бүгінгі айтулы күнмен шын жүректен құттықтап, ауданда мемлекеттік автоматтандыру, сандық технологияға көшу барлық салада қарқынды жүріп жатқандығын атай келе, коворкинг орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кеңінен қанат жаюына ықпал жасайтын, ұл – қыздарымыздың білімін шыңдайтын нағыз заманауи білім орталығына айналсын, елімізді әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға үлес қосатын жастарымыз көбейсін деген тілектерін білдірді. Салтанатты басқосудан соң кештің жалғасы кенттік кітапхананың коворкинг орталығында «Кітапхана – рухани жаңғыру жолында» атты семинарына ұласып, мерекелік телекөпір байланысымен онлайн түрінде іс – шарадан көріністер көрсетілді.
28 қараша 2018 ж. 2 670 0