«Отбасыма оралғым келеді»: Тұрсынбектің қызы Дубайдан елге қайта алмай отыр (ФОТО)
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдағы ахуалға қатысты оқырмандарына үн қатты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
«Бұл елде бес жыл тұрып келемін. Қаншалықты қауіпсіз екенін жүрегім сезеді. Сабақ 8 наурызға дейін онлайн форматқа көшті. Өзімді карантиндегідей сезініп жүрмін», – деп жазды ол.
Әдемі уақытша онлайн оқуға көшу өзіне оңай соқпағанын жасырмады. Үнемі жоспармен жүріп үйренген ол үшін қозғалыстың азаюы ерекше әсер еткен.Сондай-ақ желідегі «елге неге қайтпайсың?» деген сұрақтарға жауап берді.
«Мен қайтқым келмейді дейсіздер ме? Әрине, үйге қайтқым келеді. Ата-анам әр бес минут сайын хабарласып, уайымдап отыр. Егер отбасым жанымда болса, өзімді әлдеқайда қауіпсіз сезінер едім», – деді Әдемі.
Сөз соңында ол өзіне алаңдаған жандарға алғыс айтып, жағдайының жақсы екенін жеткізді.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz











