Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тоқтар Серіков: Тоқал аламын дегенде Бейбіт жылап жіберді

Тоқтар Серіков: Тоқал аламын дегенде Бейбіт жылап жіберді

Қазақ сахнасындағы жарасымды жұптардың бірі Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева «Сенбілік серуен» бағдарламасына сұхбат берді.


 
Сұхбат барысында Тоқтар тоқал мәселесіне де тоқталған. «Екінші әйел алсам деп Бейбітке айтқан едім. Ол еңіреп жылап алды. Оның несін жасырайын. Ондай ойым жоқ негізі. Мен тіпті өзге әйелдерді де құшақтамаймын. Неге? Себебі балаларымның алдында өзімді кірлеткім келмейді. Олар таңертең мені құшақтап шығарып салады. Кешке солай күтіп алады. Мен сол аралықта балаларымың алдында өзімді ластағым келмейді. Елестетіп көріңіздерші, мен бір қалада екі отбасыммен тұрамын. Бір отбасыммен ұйықтап жатқанда, екінші әйелімдегі балаларым ауырып қалды. Сондай қиналған шағында балапандарымның жанынан табыла алмасам, несіне әке болып жүрмін? Қандай қадір-қасиетім қалады? Мен балаларыма үлгі болғым келеді. Үш ұлым бар. Соларды ер жеткізсем, осыларды жанымда ертіп жүрсем. Менің балаларым кейін "Сенің әкең өте жақсы адам еді" деген сөзді естісе, қандай бақытты болады?» - дейді Тоқтар Серіков.
reactor.inform.kz
22 маусым 2018 ж. 2 542 0