Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрсынбек Қабатов қызының қызыл аттестатын көрсетіп мақтанды

Тұрсынбек Қабатов қызының қызыл аттестатын көрсетіп мақтанды

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов желідегі парақшасында қызымен бірге түскен суретін жүктеген. 9-сыныпты үздік аяқтаған Әдемі Тұрсынбекқызының қызыл аттестатын көрсеткен әзілкеш перзентімен осылайша мақтанған. Алайда, өнер иесі пікір қалдыратын бөлімді бұғаттап қойыпты. Әдемі Тұрсынбекқызының өзінің парақшасында жарияланған суретке жұрт пікір білдіріп, әзілкештің қызына құттықтауларын жаудырған. Желі қолданушыларының бірінің пікіріне қарағанда Тұрсынбек Қабатовтың тұңғышы мектепті "Алтын белгімен" аяқтауға үмітті сыңайлы. "Алла бұйыса "Алтын белгімен" бітіреміз", "Құтты болсын", "Жарайсың, сұлу қыз", "Биік шыңнан көріне бер", "Әдемок, жарайсың", "Менің қыздарыма жұғысты болсын", "Алла алдыңыздан жарылқап, жорытқанда жолыңыз болып, биік белестерді бағындыруыңызға тілектеспін", - деп жазды жұрт.
https://stan.kz
21 маусым 2019 ж. 2 478 0