Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Шаңырағыңызға шақырып, төріңізге отырғыздыңыз": Майра Ілиясова өнер адамдарын жаңа қонысына қонақ қылды

"Шаңырағыңызға шақырып, төріңізге отырғыздыңыз": Майра Ілиясова өнер адамдарын жаңа қонысына қонақ қылды

Майра Ілиясова өнер адамдарын жаңа қонысына қонақ қылды

Бұны әншінің өзі желідегі парақшасында бөліскен.
Бірқатар жұлдыздар Майра Ілиясованың дастарханынан дәм татып, жаңа қонысымен құттықтай келген. Олардың қатарында Тұрсынбек Қабатов, Қарақат пен Қыдырәлі, Алтынай Жорабаева, Гүлнұр Оразымбетова, Айнұр Тұрсынбаева сынды бірқатар тұлғалар бар. Өнер иесінің қонақжайлылығына тәнті болған жұрт Майра Ілиясоваға алғысын жаудырды.
"Майра апайым менің, сізді сондай қатты жақсы көреміз.Шаңырағыңызға шақырып, төріңізге отырғызып, көрсеткен сыйыңыз үшін мың алғыс", "Айт мерекесінде Майра апайымыздың дастарxанынан дәм тату бұйырыпты. Қонысыңыз құтты болсын! Қазақты қайталанбас қоңыр дауысыңызбен әлдилеп жүре беріңіз!", "Майра апай, дәм-тұзыңызға раxмет ! Қоныс құтты, берекелі, мерекелі болсын", - деп пікір қалдырған өнер жұлдыздары.
http://stan.kz
10 маусым 2019 ж. 962 0