Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қанат бітіріп отырады": Ең жақын ер адамын құттықтаған Алтынай Жорабаева жұрттың жүрегін елжіретті

"Қанат бітіріп отырады": Ең жақын ер адамын құттықтаған Алтынай Жорабаева жұрттың жүрегін елжіретті

Алтынай Жорабаева әкесін туған күнімен құттықтап

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында асқар тауы, сүйеніші әкесін осылайша құттықтаған. Жүрек жарды тілегін жазып, өзінің орындауындағы әке туралы әнді ұсынды. Алтынай Жорабаева әкесімен қарым-қатынасының қаншалықты жақсы екенін де жасырмады.
"Әкетайым - асқар тауым. Туған күніңіз құтты болсын. Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр беріп, екі дүние бақытын нәсіп етсін. Қыз баланың әкесіне жақын болуы, әкенің қыздарына деген махаббаты мен мейірімінен. Жандарым менің, анашым екеуі әлі күнге дейін бізді еркелететін жерде еркелетіп, жылы сөздерімен , ақыл-кеңестерімен, дұғаларымен қанат бітіріп отырады", - дейді Алтынай Жорабаева.
Өнер иесі ата-анасының амандығын тілеп, тілек-ниеттерге алдын ала алғыс айтты. Осылайша Алтынай Жорабаева әкесін туған күнімен құттықтап, оқырмандарымен байланыс орнатқан.
"Алдымызда әрқашан күліп-ойнап, біздің тек қуанышымызды көріп жүре беріңіздер, Алла қаласа. Құрметті менің оқырмандарым, тілектеріңізге алдын ала рахмет. Сіздерге еселеп қайтсын тілектеріңіз", - деп жазды Алтынай Жорабаева.
http://stan.kz
27 мамыр 2019 ж. 1 934 0