Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Алла күш-қуат берсін": Қарттар үйінде тегін концерт берген Алтынай Жорабаева жұртқа ұнап қалды

"Алла күш-қуат берсін": Қарттар үйінде тегін концерт берген Алтынай Жорабаева жұртқа ұнап қалды

Қарттар үйінде концерт берген Алтынай Жорабаева жұрттың жүрегін елжіретті

Жеңіс күніне орай қарттар үйінде қайырымдылық кеш берген Алтынай Жорабаеваны жұрт мақтады. Қайырымдылыққа жаны құмар өнер иесі бұл жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Концерт барысындағы бейнежазбаны жүктеп, жазба қалдырды Жорабаева.
"Қарттар үйіндегі қайырымдылық концерт. Алла қарттарымызға сабыр берсін. Алла қарттарымызға күш-қуат, денсаулық , сабыр берсін", - деп жазды Алтынай Жорабаева.
Өнер иесінің бұл әрекеті көпшіліктің көңілінен шыққан болуы керек, Алтынайға ақ тілегін жаудырып, қандай қайсар адам екенін айтып, жер көкке сыйғызбай мақтады тыңдармандары.  
"Жарайсыз, қарт адамдарға деген ықыласыңыз арта берсін", "Керемет дауыс. Сахна төрінде жарқырай бер, Алтынай", "Алтынай, жарайсың! Қарттарды көріп, баласы қайда екен деген ой келді" деп жазды желі қолданушылары.
http://stan.kz
14 мамыр 2019 ж. 1 905 0