Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тыңдарманын қатты қысып құшақтап алған Гүлнұр Оразымбетова жұртты сүйсіндірді

Тыңдарманын қатты қысып құшақтап алған Гүлнұр Оразымбетова жұртты сүйсіндірді

Павлодарда өткен шығармашылық концертінде кішкентай тыңдармандарын құшақтап сүйген Гүлнұр Оразымбетова жұртты сүйсіндірді

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Павлодарда өткен концертінен қысқаша видеолар жүктеді. Бейнежазбада өнер иесі сахнаға шыққан кішкентай тыңдармандарын құшақтап, сүйіп, шашудан қалған тәттілерді ұсынған. 
"Павлодардағы концерттен әдемі сәт", - деп жазды Гүлнұр Оразымбетова.
Әншінің қарапайымдылығы мен кеңпейілділігіне тәнті болған жұрт өнер иесінің қылығына сүйсіне қарап, пікір жазды.
"Керемет сәт! Гүлнұр әрқашан жақсы дүниелер жасайсың!", "Гүлнұр апай балалар мəз болып қалды, не деген қарапайымдылық", "Біздің Гүлнұр керемет адам!" - десті жұрт.
http://stan.kz
21 мамыр 2019 ж. 1 456 0