Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тұрсынбектің әйелі Мөлдірдің құпиясы ашылып қалды

Тұрсынбектің әйелі Мөлдірдің құпиясы ашылып қалды

Таяуда танымал әзікеш Тұрсынбек Қабатов әйелі Мөлдір Мұқановамен бірге түскен видеосын жариялап, жұбайының жүкті екенін айтып қойған еді. Алайда Тұрсынбектің артында тұрған жұбайы аяғының ауыр екенін жасырып қалуға тырысқан-ды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қабатовтың отбасымен бірге түскен суретін Insta-Stories-те жариялаған Мәдина Сәдуақасова ерлі-зайыптының құпиясын ашып қойды.
Суреттен байқалғандай, Мөлдірдің іші білініп қалған.
Ал Тұрсынбектің жұбайының ішіне сүйсіне қараған Сәдуақасова өзінің де сәби сүйгісі келетінін жасырмады.
«Мөлдір, маған жұғысты болсыншы», – деп жазды ол.
Айта кетсек, Тұрсынбек
Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың Адема, Айару, Айым, Нұриман атты үш қыз, бір ұлы бар.
Stan.kz
16 тамыз 2018 ж. 3 875 0