Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тұрсынбек Қабатов басшы болды

Тұрсынбек Қабатов басшы болды

Театрда комедиялық спектакльдер көрсетіледі. Әлемге танылған комедияларды қазақстандықтар енді қазақ тілінде тамашалайды. Бұл жайлы Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов пен астаналық Комедия театрының директоры Тұрсынбек Қабатов айтып берді.
«Астанада Комедия театрының ашылуының қаламыздың мәдени дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Оның қанатының астына бүкіл Қазақстаннан талантты жастар жиналады. Театр жас әзілкештерге өзін-өзі танытуға және өз өнерін паш етуге мүмкіндік беретін бірегей алаңға айналмақ», – деді елордалық Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.
Театр базасы бойынша «Әзіл әлемі», «Назар аудар», «КТА» ойындары бағдарламалары мен әзілкештердің өнері көрсетіледі. Одан бөлек, мектептер, колледждер ЖОО-лар арасында турнирлер өткізіледі.
«Елімізде дарынды жастар көп. Әзіл-қалжың өнері қазаққа жат емес. Бұрын әзіл-сықақ кештерін өткізу үшін залдарды жалдайтынбыз. Ал енді өз ғимаратымыз бар. Мұның біздің шығармашылығымызға оң әсер етіп, жақын арада көрермендерімізді театр артистерінің орындауындағы әлемге танымал қойылымдарымызбен және премьералармен қуантамыз деп ойлаймын», – деді Комедия театрының директоры Тұрсынбек Қабатов.
Бұған дейін Астана әкімінің Тұрсынбек Қабатовқа басшылық қызмет ұсынғанын хабарлаған едік. 
Stan.kz
10 шілде 2018 ж. 1 637 0