Астана әкімі Тұрсынбек Қабатовқа басшылық қызмет ұсынды
Әкімнің айтуынша, “ЭКСПО” көрмесінің аумағын жаңа сатира және әзіл театры ашылады, деп хабарлайды Sputnik.
“Тағы бір маңызды жаңалық – “ЭКСПО” көрмесіндегі Энергия холл ғимаратында жаңа сатира және әзіл театрының ашылуы болмақ. Театрдың көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Қабатов болады”, — деді әкім ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Одан бөлек “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Қазақ драма театрының жаңа ғимараты ашылады.
“Қазіргі уақытта мәдениет және спорт министрлігімен бірге осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, қасиетті орындарды сақтау мақсатында тарихи және мәдени нысандарға реставрация жұмыстары жүргізілді. Олар “Мәңгілік ел” аркасы, “Бәйтерек” монументі, Орыс академиялық драма театрының ғимараты, “Атамекен” Қазақстан картасы” этномемориалды кешені. Өткен жылы бұл нысандарды аралаған қонақтар саны 600 мыңнан асты”, — деді қала басшысы.
stan.kz