ЭКСПО көрмесінің аумағында алғаш рет Наурыз мейрамы тойланады
Астанада Наурыз мейрамы алғаш рет «ЭКСПО» туристік аймағында тойланады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Қоғаммен байланыс департаменті таратқан мәліметке сәйкес, Ұлыстың ұлы күнін тойлау аясында «Нұрлы әлем» - «Болашақ энергиясы» музейінің іргесінде киіз үйлер тігіліп, қазақ халқының әдет-ғұрпын дәріптейтін театрландырылған қойылымдар өткізіледі. Сондай-ақ мұнда ұлттық ойындар ойнатылып, көпшілік назарына қолөнер бұйымдары ұсынылады.
Сондай-ақ, мерекелік іс-шарада шығармашылық ұжымдар, би топтары мен белгілі әншілер өнер көрсетеді деп жоспарланған.
Сонымен қатар, қонақтарға ыстық бауырсақ пен наурыз көже беріледі.