Көктем келді: алда күн жылына ма?
Қазгидромет 5, 6, 7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Қар, жаңбыр жауады
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауады. 5, 6 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі, солтүстік өңірлерде боран соғады.
Ауа температурасы
Елдің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Фото: Н. Нұржаубай










