Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 3, 4, 5 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамырдың басында Қазақстан аумағында барикалық құрылымдар тез өзгеруіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы жерлерінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
"2 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы жерлерде де қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Республика бойынша түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі", - деп жазылған хабарламада.
Болжамға сүйенсек, ауа температурасы күрт өзгермейді.


Фото: Нұрсұлтан Нұржаубай 
02 мамыр 2025 ж. 43 0