13 сәуірде ауа райы қалай өзгереді?

Астанада бұлтты, кей кездері жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді. Түнгі температура 5-7 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы болады.
Алматыда ауа райы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с шамасында. Түнде 11-13, күндіз 27-29 градусқа дейін ысиды.
Шымкентте күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Жел бағытын солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыстырып, 8-13 м/с жылдамдықпен соғады, кейде 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнгі ауа температурасы 16-18, ал күндіз 30-32 градусқа дейін көтеріледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, кейде 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде 2-7 градус жылы, батысында 3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз 8-13 градус жылы. Көкшетауда жауын-шашын болмайды. Түнде 2-4, күндіз 10-12 градус жылы.
Алматы облысында жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с, кейде 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде 11-16 градус жылы, таулы аудандарда 2-7 градус, күндіз 24-29, тауда 14-19 градус. Қонаев қаласында жауын-шашынсыз. Түнде 11-13, күндіз 27-29 градус жылы.
Жетісу облысында да жауын-шашын болмайды. Жел 9-14 м/с, шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнгі ауа температурасы 8-13 градус, оңтүстігінде 17 градусқа дейін, таулы өңірлерде 3 градус жылы. Күндіз 25-30, таулы өңірлерде 19 градус. Талдықорғанда бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде 8-10, күндіз 28-30 градус жылы.
Түркістан облысында таңертең және күндіз солтүстік, батыс және таулы аймақтарда жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 8-13 м/с, кейде 15-23 м/с дейін күшейеді. Түнде 15-20, таулы өңірлерде 12 градус, күндіз 29-34, тауда 22 градус жылы. Түркістанда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел 8-13 м/с, күндіз 15-20 м/с. Түнде 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с. Түнде 0-5 градус жылы, батыс пен солтүстікте -3 градус үсік. Күндіз 10-15, оңтүстігінде 18 градус жылы. Оралда жауын-шашынсыз. Тұман болады. Жел 5-10 м/с. Түнде 1-3, күндіз 13-15 градус жылы.
Атырау облысында жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Түнде 1-6, күндіз 13-18 градус жылы. Атырауда ауа райы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел 3-8 м/с. Түнде 4-6, күндіз 16-18 градус жылы.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай, тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с. Түнде 5-10, күндіз 18-23, батыста 14 градус жылы. Ақтауда түнде жаңбыр болуы мүмкін. Жел 5-10 м/с. Түнде 8-10, күндіз 14-16 градус жылы.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстікте тұман. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 9-14 м/с. Түнде 2-7 градус жылы, солтүстікте -2 градус үсік, күндіз 10-15, оңтүстікте 18 градус жылы. Ақтөбеде бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде 0-2, күндіз 10-12 градус жылы.
Қостанай облысында күндіз оңтүстікте жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман. Жел 9-14 м/с. Түнде 0-5, батыста -3 градус үсік, күндіз 11-16 градус жылы. Қостанайда жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде 0-2, күндіз 12-14 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Жел 9-14 м/с, түнде оңтүстікте 15-20 м/с. Түнде 0-5, батыста -3 градус үсік, күндіз 9-14 градус жылы. Петропавлда жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде 0-2, күндіз 11-13 градус жылы.
Павлодар облысында күндіз батыс және солтүстік бөлігінде жаңбыр жауады. Жел солтүстіктен 9-14 м/с. Түнде 5-10, күндіз 12-17, оңтүстік пен шығыста 20-25 градус жылы. Павлодарда жауын-шашынсыз. Түнде 7-9, күндіз 15-17 градус жылы.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде 6-11, шығыста 3 градус, күндіз 21-26, ал батысы мен солтүстігінде 11-16 градус жылы. Қарағандыда жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде 9-11, күндіз 23-25 градус жылы.
Ұлытау облысында түнде солтүстік пен орталықта жаңбыр, найзағай, күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с, күндіз 16 м/с дейін. Түнде 7-12, күндіз 15-20, солтүстікте 9, шығыста 25 градус жылы. Жезқазғанда жаңбыр мен найзағай болады. Жел 9-14 м/с. Түнде 10-12, күндіз 15-17 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Жел 9-14 м/с. Түнде 5-10, таулы аудандарда 0-5 градус аяз, күндіз 24-29, шығыста 12-17 градус жылы. Өскеменде жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде 8-10, күндіз 27-29 градус жылы.
Абай облысында да жауын-шашын болмайды. Жел 9-14 м/с. Түнде 5-10, оңтүстікте 13 градус жылы, күндіз 25-30 градус. Семейде жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде 6-8, күндіз 28-30 градус жылы.
Қызылорда облысында түнде солтүстік, оңтүстік және орталықта жаңбыр жауады. Орталық пен оңтүстікте найзағай, дауыл, шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел 9-14 м/с, кейде 15-20 м/с. Түнде 11-16, солтүстікте 8, күндіз 16-21, оңтүстікте 24 градус. Қызылордада жаңбыр мен найзағай. Жел 9-14 м/с, түнде 15-20 м/с. Түнде 14-16, күндіз 18-20 градус жылы.
Жамбыл облысында таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Тұман түседі. Жел 9-14 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде 12-17, тауларда 8, күндіз 27-32, таулы аудандарда 24 градус жылы. Таразда жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-28 м/с дейін. Түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы.
Фото: Нұрболат Нұржаубай