Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

Казгидромет 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады, найзағай соғады, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 жылы.

Алматыда көшпелі бұлт, күндіз қысқа жаңбыр жауып, найзағай соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады 3-8, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Түнде ауа температурасы 24-26, күндіз қатты ыстық 33-35 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 34-36 жылы.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, облыстың батысында екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 18-23 жылы. Көкшетауда көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 19-21 жылы.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады 9-14, орталықта, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында екпіні секундына 18-23 метр. Түнде ауа температурасы 21-26, облыстың таулы аудандарында 11-16 жылы, күндіз қатты ыстық 33-38 градус, облыстың таулы аудандарында 23-28 жылы. Қонаевта көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз қатты ыстық 35-37 градус.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, шығыста, орталықта, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 17-22 метр. Түнде ауа температурасы 20-25, облыстың таулы аудандарында 10-15 жылу, күндіз қатты жылу 32-37 градус, облыстың таулы аудандарында 23-28 жылы. Талдықорғанда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады 7-12, найзағай кезінде екпіні секундына 17-22 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 32-34 жылы.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады 8-13, облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 21-26, облыстың таулы аудандарында 17, күндіз 32-37, облыстың таулы аудандарында 29 жылы. Түркістанда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 35-37 ыстық.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Батыс және солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 23-28 жылы. Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс және солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 23-25 жылы.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 24-29 жылы. Атырауда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады түнде 2-7, күндіз секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 жылф.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай болады. Батыс және оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың батысында 22 жылы, күндіз 27-32 жылы. Ақтауда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 27-29 жылы.

Ақтөбе облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай бар. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз оңтүстікте, облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 16, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 28 жылы. Ақтөбеде көшпелі бұлт, түнде аздаған жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 жылы.

Түнде Қостанай облысының батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 жылы. Қостанайда көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 18-20 жылы.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында 23 жылы. Петропавлда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 18-20 жылы.

Түнде Павлодар облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз батыста, облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 22-27 жылы. Павлодарда көшпелі бұлт, түнде жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, найзағай болады. Батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, түнде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 23-25 жылы.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстікте, облыстың орталығында тұман. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, кейде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 21, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 30 жылы. Қарағандыда түнде жаңбыр, күндіз аздап жаңбыр жауады. Найзағай. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, кейде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы 11-13, күндіз 22-24 жылы.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың батысында 19, күндіз 19-24, батыста, облыстың орталығында 27 жылы. Жезқазғанда жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 жылы.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ауысады, екпіні секундына 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың шығысында 13 жылы, күндіз қатты ыстық 30-35 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 26 жылы. Өскеменде көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ауысады, екпіні секундына 7-12 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 жылы.

Абай облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында, орталығында бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай, екпіні секундына 9-14 метр, солтүстікте, оңтүстікте, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың батысында 13, күндіз 27-32, облыстың оңтүстігінде 36 градус ыстық. Семейде көшпелі бұлт, жаңбыр, найзағай бар. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ауысады, екпіні секундына 7-12 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 жылы.

Түнде Қызылорда облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, күндіз солтүстікте, облыстың орталығында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 27-32 жылы. Қызылордада бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 29-31 жылы.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аудандарында 17, күндіз 30-35, облыстың таулы аудандарында 27 жылы. Таразда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 ыстық.

Ақпарат көзі: egemen.kz 
16 тамыз 2024 ж. 71 0