Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызанақ кімдерге зиян? Дәрігер ескерту жасады

Қызанақ кімдерге зиян? Дәрігер ескерту жасады

Кейбір адамдар қызанақты сақтықпен тұтынуы керек. Бұл туралы гастроэнтеролог, аллерголог-иммунолог дәрігері Елена Грек мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, асқазан-ішек жолы ауратын адамдар қызанақты абайлап жеуге тиіс. Атап айтқанда, гастрит, асқазан жарасы және панкреатит кезінде бұл көкөністі шектеп тұтынған дұрыс. Себебі қызанақ құрамында органикалық қышқылдар бар, олар қыжыл, ауырсыну немесе аурудың асқынуын тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар, қызанақ бүйрек ауруларына шалдыққан адамдарға да зиян келтіруі ықтимал.

"Қызанақтың құрамында қышқыл тұздар болады. Денсаулығы жақсы адамда олар әдетте несеп арқылы еш қиындықсыз шығарылады. Алайда бүйрек қызметі бұзылған жағдайда бұл процесс қиындауы мүмкін. Белгілі бір жағдайда оксалаттар кальциймен қосылып, кристалдар түзіп, бүйректе тас пайда болу қаупін арттыруы ықтимал", - деп түсіндірді дәрігер.

Сонымен қатар, маман мұндай аурулары бар адамдарға қызанақты толық бас тартудың қажеті жоқ екенін айтты. Әңгіме тек тұтынуды шектеу туралы болып отыр. Ал шектеудің деңгейі диагнозға және аурудың кезеңіне байланысты болады.

Фото: massaget.kz
08 наурыз 2026 ж. 299 0