Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар кетчуптың қатерлі ісікті емдейтінін анықтады

Ғалымдар кетчуптың қатерлі ісікті емдейтінін анықтады

Ысталған қызанақтар қатерлі ісік торларының дамуын тежейді. Тіпті көзін жоюға көмектеседі.


Қызанақ соусы мен кетчуптар асқазан қатерлі ісігі мен ішкі ағзаның қатерлі ісігін алдын алады. Испан ғалымдары осындай мәлімдеме жасады.
Зерттеу нәтижесінде соусқа қосылған ысталған қызанақтың адам ағзасына пайдалы екені белгілі болды. Себебі қызанақты соусқа дайындау кезінде құрамында ликопин сақталады. Ол пайдалы бактериаларды қалыптастырып, асқазан микрофлорасына көмегін тигізеді.
Ликопин қызыл түсті. Қызанақта көп кездеседі. Ликопин холестериннің қышылдануын жойып, жүрек қантамыр ауруларына, атеросклероз ауруына қарсы қолданылады. Қатерлі ісіктің көптеген түріне төтеп бере алады.
Мамандар қызанақ өнімдері болашақта пайдалы таға қатарына жатқызылып, арнайы диеталарға қолданылуы мүмкін екенін айтады.
Қызанақтың тағы қандай дерттерге дауа екенін оқи отырыңыз. 
stan.kz
22 тамыз 2018 ж. 1 650 0