Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатерлі ісікпен күресу кезінде аспириннің пайдасы дәлелденді

Қатерлі ісікпен күресу кезінде аспириннің пайдасы дәлелденді

Америкалық қатерлі ісікпен күрес ұлттық институтының және Moffitt онкологиялық орталығының  ғалымдары төмен дозадағы аспириннің қатерлі ісік ауруларының даму қаупін төмендетеді деген қорытындыға келді.

Бұл туралы HealthXpress баспасөз хабарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Мамандар жүргізген зерттеуге 750 мың әйел қатысты. Олар зерттеу барысында алынған 13 деректі талдап, тексерді. Еріктілер арасында аспиринді қолдану деңгейі және ибупрофен мен нэфрокссен секілді қабынуға қарсы стероидті емес дәрі-дәрмектерді бағалау жүргізілді. Тәжірибе жүргізу кезінде 3500-ден астам әйелде жатыр қатерлі ісігі дамығаны белгілі болды
Зерттеу нәтижесі аспириннің төмен дозасының қатерлі ісіктің пайда болу қаупін 10 пайызға төмендететінін көрсетті.
Моффрит орталығының және Манауадағы Гавайи университетінің мамандары жүргізген тағы бір зерттеудің нәтижесі, жатыр ісігіне шалдыққан әйелдер аспирин мен қабынуға қарсы стероидті емес дәрі-дәрмектерді қабылдай бастағаннан кейін олардың аман қалу көрсеткішінің 30 пайызға жоғарылағанын көрсеткен. Ғалымдардың пікірінше, қатерлі ісікті емдеу және алдын-алу үшін ұсынылуы мүмкін препараттың дозасын анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет.

Stan.kz
23 шілде 2018 ж. 1 822 0