Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Құқықтық тәртіп": Жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

"Құқықтық тәртіп": Жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қызылорда ст.ЖПб қарасты Арал теңізі ст.ЖПб қызмет атқару аймағында ағымдағы жылдың 10-13 наурыз аралығында 《Құқықтық тәртіп》 ЖПІШ өткізілуде. Мақсаты: Жастар мен жасөспірімдер көп жиналатын орындарда қаңғыбастықтың,ересектердің қарауынсыз теміржол объектілерінде жүруінің алдын алу үшін рейдтік іс-шаралар жүргізу. Темір жол объектілерін тексеру кезеңінде елімізде болу ережелерін бұзған, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушыларды, жолаушы поездарында есірткі және психотроптық заттардың арналарын анықтау мақсатында кешенді шаралар ұйымдастыру.
Адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық орындарда және көлік объектілерінде қылмыстың алдын алу, болдырмау іс-шараларын жүргізу.Станция,вокзал перрондарында және жолаушылар поездарында ұялы телефондар және қалта ұрлықтарын жасауға бейім азаматтарды ұстау және алдын алу, сонымен қатар олардың қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қою, олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы және есепке қоюын қамтамасыз ету.

Арал теңізі ст.ЖПб бастығы полиция капитаны С.Есмурзаев
10 наурыз 2026 ж. 61 0