«Абайлаңыз, пойыз!» акциясы өткізілуде
Қызылорда ст . ЖПБ-нің, Арал теңізі ст. ЖПб қызмет ету аймағында 2022 жылдың қыркүйек айының 1-9 аралығында «Абайлаңыз, пойыз»акциясының өткізілуде . Аталған акция кезінде Арал теңізі ст. ЖПб полиция қызметкерлерімен Арал теңізі станциясында, разъездерде - көлік объектілеріндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, пойыздардың адам басып кету фактілерін алдын алу, жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, олардың жарақат алу, жазатайым оқиғалардың болдырмау болып табылады.Акция шеңберінде Арал теңізі ст.ЖПб-нің полицейі полиция аға сержанты Н.Иманбаев Арал қаласындағы №64 орта мектебінде болып оқушылармен кездесіп оларға акцияның мақсаттары туралы балалардың темір жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ескерту, олардың жарақат алу, жазатайым оқиғалар, жолаушылар поездарының әйнектерін сындыру, жедел тежегіш қолдану фактілерінің алдын-алу, құқықтық ой-санасын қалыптастыру мақсатында құқықтық тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар темір жол мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп акция шеңберінде рейідтік іс-шаралар өткізіп темір жол бойындағы қауіпсіздік шараларын ескерту шаралары ұйымдастырылуда .
Болатбек Жаңабергенұлы Ерсейітов,
Арал теңізі станциясындағы желілік порлиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры










