Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді

Мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді

Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі, Арал теңізі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет ету аймағында 2022 жылдың  17-25  мамыр  аралығында   «Тоқтаңыз, басып кету қаупі бар»  акциясының өткізілуіне байланысты оқушыларға темір жол бойымен жүру ережелерін сақтауы және төтенше оқиғалармен бақытсыз жағдайлардың алдын-алу, болдырмау мақсатында акция шеңберінде  Арал теңізі стансасы ЖПб-нің полицейі полиция сержанты Н.Иманбаев Арал қаласындағы №13 мектепте болып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мектеп оқушыларына құқықтық ой-санасын қалыптастыру мақсатында және темір жолдың қауіптілігі туралы,  сондай-ақ темір жол бойынан белгіленбеген жерден және құлаққаппен темір жол үстінде жүруге болмайтынын айтып, құқықтық тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Б. Ерсейтов,
Арал  теңізі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры 
18 мамыр 2022 ж. 857 0