Темір жол – қауіпті аймақ

Өзінің абайсыздығынан, ойынға берілген жасөспірімдер өтіп бара жатқан пойыздың астына түсіп кетуі мүмкін. Себебі темір жолда белгіленбеген жерлер арқылы өту (тұрған пойыздың астынан, артынан өту, темір жол қоршауының ішінде жүру) пойыздардың алдынан жүгіріп өтуі, рельстерге бөгде заттарды қою, өтіп бара жатқан пойыздардың терезелеріне тас лақтыру сияқты әрекеттердің соңы төтенше жағдайларға әкеліп соғады. Сонымен қатар темір жол арқылы пойыз алдынан жүгіріп өту салдарынан пойыздардың жедел тежегіштерін іске қосуға тура келеді. Ал оның салдары жүріп бара жатқан пойыздың тоқтап қалуына әкеп соғады.
Төтенше жағдай мен қайғылы оқиғалардың кішкентай ғана нәрседен туындайтыны өмірден белгілі. Осыған қарамастан, Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында 2021 жылдың қаңтар айында темір жолдан белгіленбеген жерден өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 5-бөлігіне сай 9 азаматқа әкімшілік шара көрілді.
Әнуар БЕКНИЯЗОВ,
Сексеуіл станциясы ЖПб бастығы, полиция майоры