Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Темір жол көлігінде жолаушылар тасымалының қызметі бақылауда

Темір жол көлігінде жолаушылар тасымалының қызметі бақылауда

Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы арасында теміржол жолаушылар көлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімгеқол қойылған болатын.Жасалған келісім аясында «Адал жол» жобалық кеңсесі құрылып, топ құрамына Агенттіктің департамент қызметкерлері, облыстық арнайы мониторингтік топтың, Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері, облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы, Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалы төрағасының орынбасары және желілік ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері енгізілген.
«Адал жол»  жобалық кеңсе темір жол саласында жолаушылар тасымалының тиісті жұмыс жасауын, халықтың темір жол көлігінде көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және билетсіз жолаушылар мен қосалқы көмекшілерді анықтауға бағытталған.
Аталған топ мүшелерінің қатысуларымен жүргізілген Іс - шаралар барысында, темір жол көлігіне билетсіз мінген 41 жолаушы анықталды. Ал темір жол көлігінің жолсеріктеріне қатысты көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен 30 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді,сондай-ақ темір жол вокзалында жолаушылар пойызына билетсіз ақшасын алып мінгізіп жіберетін 2 делдал(қосымша көмекші немесе помогайка) анықталып, желілікполиция бөлімінің қызметкерлерімен әкімшілік хаттамалар рәсімделді, 3 дерек бойынша жалпы 350 кг рәсімделмеген зат анықталды және әр-түрлі техникалық 215 кемшіліктер анықталды.
Сонымен қатар, «Жасырын сатып алушы» тәсілімен арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірлесіп Қазақстан темір жолы қызметінде, оның ішінде жолаушылардың жол жүру билетінің болмай қалған кезде жолсеріктермен арадағы қатынасына, жалпы алғанда жорлсеріктердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жан – жақты саралау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілген болатын.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы темір жол вокзалында жолаушылар пойызына мінгізіп жіберетін қосалқы көмекшімен (помогайка) «Жасырын сатып алушы» әдісімен жүргізілген әңгімелесу кезінде келеңсіз  жағдайлар анықталды.
Қосалқы көмекші осы темір жол вокзалына келіп тоқтайтын жолаушылар пойыздарының кез келгенімен келісіп, жолаушыны ешбір әбіржусіз барар жеріне жеткізетініне кепілдік беретіндіктерін айтқан.  Осы дерек бойынша заң бұзушылыққа жол берген азамат әкімшілік жауапқа тартылды.
Қазіргіуақыттаәлемдікпроблемалардыңбірі - сыбайласжемқорлықтыңмемлекеттікдамуынатигізетінкеріәсеріболыпотыр.
Экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру мақсатында, 2014 жылдың 26 желтоқсанында Елбасының №986 жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы қабылданған.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрбір азаматтың басты міндетіне айналуы тиіс.
Жакудаев Нұғман Үсенұлы,
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
Превенция және парасаттылық басқармасының
бас маманы.
27 желтоқсан 2019 ж. 741 0