Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Темір жол – қауіпті аймақ

Темір жол – қауіпті аймақ

Арал теңізі  стансасы – қаланың халық тығыз орналасқан ор­та­лық бөлігінде. Жүк құрамалары мен жо­лау­шылар пойыздарының үздіксіз қоз­ғалысы, келімді-кетімді жо­­лаушылардың көптігінен бұл жердің жайбарақат мекен емес­тігін аңғарасыз.
Темір жол көлік объектісінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, балаларды қараусыз қалдырмауды ескер­ту, сон­дай-ақ кәмелетке толмағандар ара­сын­дағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Арал теңізі стансасындағы же­лілік полиция бөлімшесі қыз­мет­керлері үнемі көлік объектісіне жақын ор­наласқан оқу орындарында, көлік объектілерінде түсіндірме жұ­мыстарын жүргізіп отырады. Онда кә­ме­летке толмағандарға, теміржолдың аса қауіпті аймақ екендігі, теміржолға жа­қын тұрған және үйіне қайтып өтіп бара жатқан жас­өс­пірім бі­рінші кезекте өзіне қауіп төн­ді­ретіндігі туралы түсіндіріледі. Өзінің абай­­сыз­ды­ғынан, ойынға беріліп, жас­­өспі­рімдер өтіп бара жатқан пойыздың ас­­тына түсіп кетуі мүмкін. Себебі темір жол арқылы белгіленбеген жерлерден өтуінен (тұрған пойыздың астынан, алдынан, артынан өтуі), темір жол қоршауының ішінде жүруінен, темір жол арқылы өткенде құлақтарына құлаққап (наушник) тағып жүруінен, поездардың алдынан жүгіріп өтуінен, рельстерге бөгде заттарды қою, өтіп бара жат­қан пойыздардың терезелеріне тас лақ­тыру сияқ­ты әрекеттердің соңы төтенше  жағ­дай­­ларға әкеліп соғады. Сонымен қатар темір жол арқылы поезд алдынан  жүгіріп өту салдарынан пойыздардың жедел тежегіштерін іске қосуынан өтіп бара жатқан поездың тоқтап қалуына әкеп соғады.
Төтенше жағдай мен қайғылы оқиғалардың кішкентай ғана нәрседен туындайтыны өмірден белгілі. Осыған қарамастан Арал теңізі  стансасындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет ету аймағында 2021 жылдың 12 айында 14 дерек жедел тежегіш қолданып, пойыздардың тоқтауы орын алған. Оның ішінде 6 дерек темір жолға адамдардың шығуынан, 7 дерек үй жануарларының темір жолға шығуының салдарынан, 1 дерек автокөліктің темір жол өткеліне шығу салдарынан  болған. Сонымен қатар темір жолдан белгіленбеген жерден өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабының 5 бөлігіне сай (темір жол арқылы белгіленбеген жерден өту) - 149 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің  559 бабының 1 бөлігіне сай (темір жол жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін) - 13 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 560 бабының 2 бөлігіне сай (темір жол көлігі құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін) - 10 азаматқа әкімшілік шара көрілді.
Болатбек  Ерсейітов,
Арал теңізі стансасындағы желілік полиция
бөлімшесінің  бастығы, полиция майоры
14 ақпан 2022 ж. 593 0