«Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде
Қызылорда ст. ЖПБ-нің, Арал теңізі ст. ЖПб қызмет ету аймағында 2022 жылдың тамыз айының 08-12 аралығында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясының өткізілуде. Аталған акция кезінде Арал теңізі ст. ЖПб полиция қызметкерлерімен Арал теңізі станциясында - көлік объектілеріндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, поездардың адам басып кету фактілерін алдын алу, сондай-ақ балалардың темір жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ескерту, жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, олардың жарақат алу, жазатайым оқиғалардың алдын-алу мақсатында Арал қаласының тұрғындарымен кездесіп түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар темір жол мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп акция шеңберінде рейідтік іс-шаралар өткізіп көліктегі қауіпсіздік шараларын ескерту шаралары ұйымдастырылуда.
Н.Иманбаев,
Арал теңізі ст. ЖПб полицейі
полиция сержанты
Арал теңізі ст. ЖПб полицейі
полиция сержанты