Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гельминт құрттарынан арылу -денсаулықты нығайту

Гельминт құрттарынан арылу -денсаулықты нығайту

Гельминтоздар–ұзаққа созылатын, ұзақ ағымымен және кең ауқымды клиникалық  көріністермен  сипатталатын  құрттар тудыратын  паразиттік аурулар. Әдетте  ,ересек құрттар  ішекте  өмір  сүреді және  сонымен қатар , адамның бұлшық  етінде , жүрегінде ,бауыры мен  бүйрегінде, миында, көзінде және қанында да болатын құрттар бар.
Инфекция қалай пайда болады? Көбінесе инфекция ауыз  және нәжіс  жолы арқылы  топырақ , су, нәжіспен  ластанған көкөністер арқылы, санитариялық-гигиеналық ережелер сақталмаған жағдайда, топырақпен жұмыс істегеннен кейін қолды жумаса, лас көкөністерді, жемістер мен жидектерді тамаққа  қолданса жұғады. Үй жануарларымен  ойнап , иттер мен мысықтардың бетін жалауға  рұқсат берген балалар, олардан ауру жұқтырып алуы мүмкін. Су қоймаларда  шомылу  кезінде  абайсызда суды  жұту арқылы  жұқтыруға  болады. Термиялық өңдеуден  өтпеген ет пен балық  ауру көздері болуы мүмкін. Иттер адамда өте ауыр  ауру  тудыратын эхинококк сияқты  қауіпті  құрттардың  тасымалдаушысы  болып табылады.
Ауруды қалай анықтауға болады? Адам ағзасында  әртүрлі паразиттердің  болуы туралы  оның әлсіздігі , салмағын жоғалтқаны , кейде салмақ  қосқан  кезде  де айтуға болады. Асқазанның  мерзімдік  ауруы, бас ауруы мен  айналуы, жүрек айнуы , іш қату немесе диария пайда  болады. Ауру  нәтижесінде  экзема, безеу сияқты әртүрлі  тері аурулары болуы мүмкін, жүйке-психикалық бұзылулар, мысалы  шаршау, ұйқының  бұзылуы пайда болады, сонымен қатар баланың   өсуінің  тежелуі және баланың физикалық дамуына кері әсері болуы мүмкін. Гельминтқұрттары өте жиі созылмалы аурулардың өршуін тудырады.
Гельминттердің  таралуының алдын алу шаралары:
  • жеке бас гигиена ережелерін  қатаң сақтау, тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, иттер мен мысықтармен әр байланыста  болғаннан кейін және жалпы ластанған сайын қол жуу, тырнақтарды уактылы алып отыру;
  • термиялық өңдеусіз тұтынылатын көкөністерді, жемістерді, жидектерді жақсылап  қайнаған сумен жуу  керек;
  • ет пен балық өнімдерін қолдан емес, тек сауда желісінен  сатып алу, олардымұқият термиялық өңдеуден кейін ғана тұтыну керек;
  • кездейсоқ тексерілмеген су  көздерінен суды тұтынуды болдырмау;
  • аулалардың, балалар ойын  алаңдарының топырағын адам мен жануарлардың  нәжісінен  ластанудан қорғау;
  • балалардың қаңғыбас  жануарлармен ойнауына жол  бермеу, үй жануарларына үнемі  профилактикалық  ем жүргізу керек;
  • көкөніс бақшаларын залалсыздандырылмаған  нәжіспен тыңайтуға  жол бермеу;
  •  мал жаюға  жақын орналасқан  тұрып қалған су қоймаларында шомылғаннан  кейін душ қабылдау;
  •  гельминтоздардың  алғашқы белгілері пайда болған кезде деру дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.
Маңыздысы , егер ағзада  паразиттердің  бар екеніне  күмәндансаңыз , дереу дәрігермен  кеңесіп,клиникалық байқаудан, зертханалық зерттеуден өтіп қауіпті асқынулардың пайда  болуын  болдырмау үшін ауруды ерте емдей бастаңыз.
А.Сатекеева,
Арал аудандық СЭБ басқарма басшысы 
13 наурыз 2026 ж. 97 0