Ел тарихындағы ең маңызды науқан басталды
Бүгін саяси науқан. Еліміз бойынша сағат тілі 7.00-ді соққан бойда барлық референдум учаскелерінде дауыс беру басталды.Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 56 референдум учаскесі белгіленген болса, оның 16-ы Арал қаласы бойынша жұмыс істейді. Референдумда 46066 сайлаушы өз таңдауларын жасайтын болады. Ең алғаш референдум учаскелерінде мемлекеттік Гимн шырқалып, жұмысын бастады.
Айта кетейік, әрбір қазақстандық осы саяси науқанда өз таңдауын жасау арқылы еліміздің болашағы үшін қабылданатын маңызды саяси шешімге өз септігін тигізе алады!











