Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел тарихындағы ең маңызды науқан басталды

Ел тарихындағы ең маңызды науқан басталды

Бүгін саяси науқан. Еліміз бойынша сағат тілі 7.00-ді соққан бойда барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды.
Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 56 референдум учаскесі белгіленген болса, оның 15-і Арал қаласы бойынша жұмыс істейді. Референдумда 46406 сайлаушы өз таңдауларын жасайтын болады. Ең алғаш сайлау учаскелерінде еліміздің Әнұраны шырқалып, дауыс беру жәшіктері қойылды.
Айта кетейік, әрбір қазақстандық осы саяси науқанда өз таңдауын жасау арқылы еліміздің болашағы үшін қабылданатын маңызды саяси шешімге өз септігін тигізе алады!
06 қазан 2024 ж. 114 0