Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Серік Сермағамбетов өз таңдауын жасады

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов өз таңдауын жасады

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Арал қаласындағы №53 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

– Қашанда ауызбіршілігі мен ынтымағынан айнымаған теңізді өлке халқы елдің болашағы айқындалатын сындарлы сәтте саяси науқаннан шет қалған емес. Бұған дейінгі сайлауларда да Арал жұрты берекелі бірліктің үлгісін көрсетіп келеді. Парламент Мәжілісі пен мәслихат депутаттарының сайлауы саяси реформаларға нық қадам басатын және болшағымызды айқындайтын маңызды оқиға. Сондықтан да аудан тұрғындарын еліміздің жарқын келешегі жолында ауызбірлік танытып, белсенді түрде дауыс беруде, - деп саяси науқан жөнінде пікірін білдірді.

Айта кетейік, Арал ауданында 55 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Барлығы 46 506 дауыс беруші тіркелген.
19 наурыз 2023 ж. 511 0