16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, деп хабарлайды turkystan.kz.Мәдениет – қазіргі қоғамды ортақ құндылықтар аясына топтастырып, халқымызды біріктіретін діңгегіміз.
Сол себепті 16 наурыздың тақырыптық мазмұны мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған. Бұл ата-бабаларымыздың рухани және мәдени тыныс-тіршілігін толық сезінуге мүмкіндік береді.
Мерекеге орай республикалық мәдениет ұйымдарында бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Ұлттық орталық музейде «Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль өтуде. Ал Мәдениеттерді жақындастыру орталығында «Мәдениет пен дәстүр – ұлт болмысының негізі» атты тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды. Астанада Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Мәдениет күні – мәдени мұра кеңістігі» атты мерекелік бағдарлама өтуде. Бұл жобалар халықтың мәдени кодын қалыптастыратын тарихқа, дәстүрлерге және ұлттық құндылықтарға арналды.
Бұл күні мерекелік іс-шаралар еліміздің өңірлерін де кеңінен қамтыды. Ақтөбе облысында ұлттық өнер мен дәстүрлерді дәріптейтін «Жыраулар жолымен» мәдени жобасы мен «Dastur-fest» фестивалі ұйымдастырылды. Ақмола облысында көрермендерге «Көктем-керуені» атты ұлттық-танымдық бағдарлама ұсынылды. Ал Қарағанды облысында «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» атты тарихи-этнографиялық кеш, digital форматтағы байқау және «Nauryz: Inspired by Traditions» фестивалі өтуде. Маңғыстау облысында халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылуда.
Мәдениет және ақпарат министрлігі. Фото: ЖИ арқылы жасалған
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278099-16-nauryz-madeniet-zane-ulttyq-salt-dastur-kuni










