Қызылордалықтар тоғыз күн бойы ұлттық киім киюге үндеді

«Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуді өзіңнен баста!» ұранымен өтетін этно-челленджге аймақтағы мекемелер, тұрғындар өз үлестерін қосуда.
Айта кету керек, Амал мерекесінен бастау алған Сыр өңіріндегі мерекелік шаралар салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту, қайырымдылық шаралары, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, балалар үшін басты мерекеге айналдыру, қоршаған ортаны қорғау, қолөнер туындыларына қаморлық жасау бағыттарын қамтиды. Ал негізгі ірі шаралар 21-22 наурыз күндері аралығында өткізіледі.